Өскемен
облачно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -9°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -12°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -15°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    -7°
  • Туркестан
    -8°
  • Шымкент
    -7°
$
523.86
544.34
¥
71.77
5.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Зайсанда шекара маңында өрт шықты

Бір тәулік ішінде 53 рет құрғақ шөп пен қоқыс өрті шыққан. Олардың арасындағы ең ауқымдысы – Зайсан, Күршім мен Көкпекті аудандарында

Кеше түнгі 00.05-те кезекші бөлімге Зайсан ауданы, Қаратал ауылдық округіндегі Елеке сазы аумағында құрғақ шөп тұтанып, жанып жатқаны туралы хабар түскен. Жергілікті атқарушы орган мен шекарашылар бірігіп жалынды өшіруге тырысқан, бірақ қатты соққан жел мұрша бермеді.

Көмекке №25 өрт сөндіру бөлімінің 7 мамамны жіберілген.

- Біз жеткен уақытта өрт 30 гектарға жайылып кетіпті. Тілсіз жауды шекараға екі шақырым қалған жерінен тоқтатып, өрттің көрші мемлекеттің аумағына өтуіне жол бермедік. Алдын ала болжам бойынша, өрт найзағайдан шыққан, - дейді №25 өрт сөндіру бөлімі жетекшісінің орынбасары Еркебұлан Шетіков.

Күршім ауданындағы Боран ауылында да осындай жағдай қайталанған. Өртті сөндіру жұмыстарына жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен орман шаруашылығы мамандары да атсалысқан. Кешке жел көтеріліп, 19.00-де шыққан өрт 22.40-тау сөндірілді.

Көкпекті ауданындағы Биғаш ауылдық округіндегі Қияқты аумағында 45 гектар аумақ жалынға бөкті. Қазір өрт сөндірушілер, жергілікті атқарушы билік пен орман шаруашылығы, ауданның 20 тұрғыны жалынды ауыздықтауға күш жұмылдыруда.

Следующая →