Өскемен
ясно
-9°
  • Өскемен
    -9°
  • Алматы
    -4°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    -10°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -5°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -2°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -7°
  • Петропавловск
    -2°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    -10°
  • Шымкент
    +3°
$
524.02
+1.39
545.19
-3.47
¥
71.82
+0.08
5.09
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Шағын қалалар мен ауылдардағы 110 мың отбасы 50 мың теңгеден алады

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған "Birgemiz" қорынан 110 мың отбасыға 50 мың теңгеден беріледі

Бұл туралы Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады egemen.kz.

 
- Елбасының бастамасымен Мемлекет басшысы қолға алған дағдарысқа қарсы шараларға қосымша "Birgemiz" қоры мұқтаж қазақстандықтарға қарқынды көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Көмек көрсетудің бірінші және екінші кезеңі аясында 23 қаладағы 360 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден біржолғы төлемақы алды. "Jas Otan" маңына топтасқан 5 мыңнан астам волонтер 240 мың отбасыға азық-түлік себеттерін, медициналық маскалар мен бірінші кезекте қажетті заттарды жеткізіп берді. Халықтың қорғанысы әлсіз бөлігіне жататын 100 мың отбасыға тегін 5 миллион маска үлестірілді. Түркістан облысының су басқан ауылдарының тұрғындарына нұротандықтар азық-түлік, киім-кешек, құрылыс материалдары мен жеке гигиена құралдары түрінде 1000 тонна гуманитарлық көмек жөнелткен. "Birgemiz" қорының қаражаты есебінен Достық ауылының тұрғындары жаңа тұрғын үйлермен қамтамасыз етілетін болады, - деп жазды Бауыржан Байбек Instagram парақшасында.

Сондай-ақ ол күні кеше Елбасымен өткен кездесу барысында партия Төрағасының берген тапсырмаларына тоқталды.

- Кеше Елбасы, партиямыздың лидері Нұрсұлтан Назарбаев 50 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлемақы берудің үшінші кезеңін ұйымдастыруды тапсырды. Осы аптаның өзінде шағын қалалардың, ауылдар мен ірі қалаларға іргелес елді мекендердің мұқтаж тұрғындарынан тұратын 110 мыңдай отбасыға қосымша атаулы қаржылық көмек көрсетілетін болады. Nur Otan партиясы мен Тұңғыш Президент Қорының ұйымдық қолдауымен "Birgemiz" қорының іске асырып жатқан тиімді де ашық жұмысы ірі меценаттардың көкейіне сенім ұялатып отыр. Осылайша таяу уақытта тағы да қосымша қаражат түседі деп күтілуде. Осыны ескерген Елбасы тікелей ауыл тұрғындарына басымдық бере отырып, мұқтаж қазақстандықтарға атаулы көмек көрсетудің төртінші кезеңін іске асыру мүмкіндігін пысықтауды тапсырды, - деп жазды ол.

Следующая →