Қытай Сингапур үшін карантиндік шараларды жеңілдетіп, шекараны ашуға әзір
Осылайша екі ел коронавирус пандемиясына байланысты тоқтап қалған экономикалық ынтымақтастықты қайта жандандыруға дайын екенін көрсетті
Қытай және Сингапур билігі шенеуніктердің екі ел арасында іссапарларға шығуы үшін шекараларын ашуға уағдаласты.
8 маусымнан бастап, Қытайдағы немесе Сингапурдағы мемлекеттік органдардың қызметкерлері екі елдің біріне бару үшін ресми департаменттер арқылы өтініш бере алады. Іскерлік туризміне жіберілген өтініштер уақыт өте қаралады.
Келісімшарт тек Сингапур мен Қытайдың кейбір қалалары мен провинцияларына қатысты болады деп шешілді. Олардың қатарында Шанхай, Тяньцзинь, Чунцин, Гуандун, Цзянсу және Чжэцзян бар.