Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Риддердегі оқу ғимаратының құрылысы кезінде ұрлық жасалған

Республикалық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінде 300 орындық ғимарат салынды

Бүгін Шығыс Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарларын ұстады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. 

Олар бюджет қаражатын 380,8 млн теңге жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Бұл ақша қазір Риддер қаласында Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-олимпиадалық резервтік колледжде салынып жатқан 300 орындық оқу корпусының құрылысына жұмсалуы керек еді. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ақшаны мердігердің есепшотына жұмысты нақты орындамай заңсыз аударғанын айтты. Бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша күдіктілер ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы негізінде ұсталып, Өскемен қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

- Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталғандардың біріне қатысты сот екі ай мерзімге "қамауға алу" шарасын санкциялады. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді, - деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті. 



Следующая →