Бүгін Өскемен қаласындағы үш үй қоршауға алынды
Куәгерлер облыс орталығынан тағы да COVID-19 вирусын жұқтырғандар анықталды ма деп күдіктенеді
Таңертең Қазыбек би, 17, Көкжал Барақ, 22 және Серікбаев, 23 мекенжайында орналасқан үй тұрғындары есік алдынан полиция қызметкерлері мен қорғаныш костюмдерін киген дәрігерлерді байқаған.
ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, қызметкерлері шынымен де жоғарыда көрсетілген үй алдын торуылдап, қоғамдық тәртіпті қадағалауда.
Ал COVID-19 инфекциясымен күрес бойынша облыстық штабтағылар нақты ақпарат ұсынбады.
Жағдайды бақылауда ұстап, ақпарат болса, хабарлаймыз.

Следующая →