Өскеменде тәулік ішінде 48 өрт оқиғасы тіркелді
Облыстың өрт сөндірушілері қауырт жұмыс істеп жатыр және тұрғындардан терек ұлпасын өртемеуді ескертеді
48 жағдайда да ұлпа, шөп пен қоқыс өртенген. Хабарлама Самал саябағы, Буров көшесі мен аудандардан түскен. Әсіресе, жалын ашық алаңдарда, саяжай қауымдастықтарында және тұрғын үйлердің есік алдында жиі орын алады. Тіпті, Киевская көшесінде өрт шыққанда көлікжай кооперативі де өртеніп кете жаздады.
- Ұлпа лып етіп қаулай кетеді, үлкен аумаққа жайылып үлгереді, - деп түсіндірді Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі. - Тұрғындардан аса сақ болып, көшеде жатқан ұлпаны өртемеуді ескертеміз. Сонымен қатар, балаларға да ондай әрекеттердің соңы қауіпті екенін түсіндіру керек.
Следующая →