Шұғыл әскери қызметке шақыртылғандардың қызметі сақталады
Қызметкер әскери қызметін өтеп келген соң бір ай ішінде бұрынғы жұмысына қайтып келуге міндетті
ҚР Еңбек заңнамасына сәйкес, шұғыл әскери қызметке немесе әскери жиынға шақыртылған азамат медициналық комиссиядан, әскери жиын мен жедел қызметтен өткен кезде оның еңбекақысы, жұмыс орны мен қызметі сақталады.
Сонымен қатар, ол өзінің еңбек міндеттемелеріне орай әскери қызметін атқарып келген соң бір ай ішінде бұрынғы жұмысына қайта келуі керек.