Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Tengrinews.kz

Алматыда полиция қызметкерлерін қағып кеткен жүргізушінің өзі де полиция екен

25 мамыр күні Алматы блок-бекетінде екі полиция қызметкерлерінің өмірін жалмаған жол апатына себепкер болған BMW жүргізушісінің құқық қорғау органдарына қатысы бар болып шықты

Белгілі болғандай, 1994 жылы туған азамат өз қызметтік міндеттеріне салғырттықпен қарағаны үшін полициядан шығарылған.

- Блок-бекетте орын алған жантүршігерлік жол апаты бірден екі полиция қызметкерінің өмірін қыршынынан қиды. Олар үшін құқық қорғау органдарындағы қызметі аса маңызды болған еді, - деді Алматы қаласының полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

Алайда ең өкініштісі - бұл жол апатына кінәлі жүргізушінің де кезінде погон таққаны. Ол полицияда алты жыл жұмыс істеп, өз қызметтік міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін төрт рет тәртіптік жазаға ие болған. Сол себепті, ол ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Алайда бұл жағдайдан кейін де ол өзі үшін дұрыс шешім қабылдамаған, сабақ алмаған.

- Ер адам ауыр зардаптарын біле тұра заңды бұзып, рөлге мас күйінде отырып, қылмыс жасады, - деді Алматы қаласының полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.



Следующая →