Өскеменде жоғалып кеткен бала табылды
24 мамыр күні кешке Қабанбай батыр көшесіндегі көпқабатты үйдің алдында ойнап жүрген баласы жоғалып кеткенін айтып тұрғындардың бірі ұлттық ұландықтардан көмек сұраған
Қоғамдық тәртіпті қадағалай бойынша әскери жасаққа баланың жоғалып кеткені туралы хабар сағат 21.03-те түскен.
- Бұндай жағдайда бір секунд та қарап тұруға болмайды. Бірнеше сағаттың ішінде түрлі жағдай орын алуы мүмкін. Баланы тезірек тауып, ата-анасына қайтаруымыз керек болды, - дейді әскери жасақ басшысы қатардағы Фархат Саршинов.
Баланы іздеу жұмыстарына екі сағатқа жуық уақыт кетті. Әскери жасақ баланы Лев Толстой көшесінен тауып алды.