Семейде кішкентай қыз массажға арналған төсекке қыстырылып қалды
Өзі арық бала массаж жасайтын төсектің бетке арналған ойықшасына кіріп кетіп, шыға алмай қалған
Хабар Семей қалалық Күштер мен қарулар арқылы жедел басқару орталығының кезекшісіне 24 мамыр күні сағат 17.40-та түскен. Оқиға орнына төрт құтқарушы кетті.
Олар төсекті сындырып, баланы алып шыққан.
Семей қалалық ТЖБ баспасөз қызметі ұсынған ақпараттарға сүйенсек, 2017 жылғы бала зардап шеккен жоқ.