Өскемен
облачно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +9°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +19°
$
441.66
475.14
¥
61
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Өрт ішінде ШҚО тұрғыны қаза болды

Оқыс оқиға кеше кешке Шульбинск кентінде орын алды. Көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде өрт шыққан

Түтін шығып жатқанын байқаған көршілер құтқару қызметін шақыртқан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына үш минут ішінде жеткен. Барлау барысында пәтер ішінен 48 жастағы үй иесі ес-түссіз жатқан жерінде табылды.

- Ер адамды далаға алып шыққанда тамыры соқпайтыны анықталған, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Полициялар жансақтау әдістерін жасаған, бірақ кенттің фельдшері азаматтың қайтыс болғанын констатациялады.

Сол уақытта өрт сөндірушілер көпқабатты үй ішінен тұрғындарды далаға шығарды. Барлығы 25 адам, оның төртеуі балалар.

Өрт ауыздықталды, түтін басылды, қазір адамдар үйлеріне кірді. Өрттің шығуына мас күйінде шылым шегуі не салғырттық себеп болуы мүмкін.

Мекемедегілер жыл басынан бері облыста өрт салдарынан 28 адам қаза болғанын атап өтті.

Следующая →