Өскемен
ясно
+25°
  • Өскемен
    +25°
  • Алматы
    +32°
  • Астана
    +28°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +31°
  • Көкшетау
    +27°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +37°
  • Павлодар
    +30°
  • Петропавловск
    +25°
  • Тараз
    +33°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +36°
$
465.52
+1.75
498.2
+2.71
¥
64.05
+0.23
5.45
+0.14
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Түнде Риддердегі өрт шыққан көпқабатты үйден 90 адам құтқарылды

Өрт сегізінші қабаттағы пәтерден шыққан, тілсіз жау 20 минутта ауыздықталды

17 мамыр күні түнгі сағат 3.20-да Риддердегі өрт сөндірушілеріне қаладағы шағын аудандардың біріндегі пәтерден өрт шыққаны туралы хабар түседі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, үй тұрғыны көрші пәтерден шу мен дүрсіл естіген, қабырға қызып кеткен екен. Сол үшін ол дереу өрт сөндірушілерге хабарласқан. Құтқарушылар үш минут ішінде оқиға орнына жеткен. Келе сала үй тұрғындарын оятып, далаға шығуларын сұраған. Барлығы 90 адам, оның 15-і балалар, эвакуацияланды.

- Жанып жатқан пәтерде ешкім жоқ екен. Сондықтан өрт сөндірушілер полиция қызметкерлерінің көзінше есікті бұзып кірді, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. – Кіре беріс пен бөлме іші өртке оранған. Тілсіз жау 20 минут ішінде ауыздықталды.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр құрылғыларын жөндеу және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау, электрқұрылғысының апаттық режімде жұмыс істеу себеп болауы мүмкін.
Следующая →