О. Бөкей атындағы кітапхананың жөндеу жұмыстарын 72 млн теңге жұмсамақ
Кітапхананың төбесі, есіктері мен терезелері, жарығы, жиһазы мен ғимараттық сыртқы қасбеті түгел ауыстырылатын болады
О. Бөкей атындағы кітапхана "Жұмыспен қамту жол картасы" республикалық бағдарламасы аясында жөнделмек.
Қала әкімімен бірге жөндеу жұмыстарының қалай жүріп жатқанын біз де көріп қайттық. Куә болған жайт барлығымызды таңқалдырды: барлығы қирап, бөлмелерде құрал-саймандар мен құрылыс материалдары, қоқыс шашылып жатыр, тек бір келіншек қана жүр.
Шаруашылық меңгерушісі бірде-бір сұраққа жауап бере алмады, бірақ мердігер мен жұмысшылардың келмей қойғанын айтты.
Следующая →

- Адамдарыңыз қайда? – деп сұрады Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар кітапхананың шаруашылық меңгерушісінен. – Бір ғана келіншек 72 млн теңгенің жұмыстарын жасап жатыр ма? Мұнда кемінде 20 адам болуы керек. Не сұмдық?
Шаруашылық меңгерушісі бірде-бір сұраққа жауап бере алмады, бірақ мердігер мен жұмысшылардың келмей қойғанын айтты.
- Уақыт аз, бір жарым ай ғана қалды. Ешқандай жұмыс жасалмаған! – деді қала әкімі. – Жұмысшыларды шақырып, 1 тамызға дейін барлық жұмыстарды аяқтаңыздар!
Тақырыптар:
Ремонт библиотеки имени Оралхана Бокея "Дорожная карта занятости" Аким Усть-Каменогорска Жаксылык Омар