Алаяқ зейнеткерді алдап-соққан
Семей қаласында қаракүзен тонын алмақ болған зейнеткер алаяқтың арбауына ілікті
73 жастағы зейнеткердің сөзінше, үйіне келген келіншек қолжетімді бағаға сапалы қаракүзен сатып алуға көмектесе алатынын айтып сендірген. Оған иланған зейнеткер бейтаныс келіншектің қолына 950 мың теңгені ұстатып жіберген.
Осыдан кейін алаяқ хабар-ошарсыз кеткен, уәде еткен тонды да алып келмепті. Көп күтіп тағаты таусылған әже тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінеді.
Следующая →
Осыдан кейін алаяқ хабар-ошарсыз кеткен, уәде еткен тонды да алып келмепті. Көп күтіп тағаты таусылған әже тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінеді.
- Полиция қызметкерлері 34 жастағы жұмыссыз азаматшаны ұстады. Тергеу барысында ол өз әрекеттерін мойныдады. Бірақ ақшаны жұмсап қойған екен, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.