Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

"Алтай" стадионында көптен күткен құрылыс басталды

Спорттық құрылымды жөндеу жұмыстары "Жұмыспен қамту жол картасы" республикалық бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда

Көп жылдар бойы Өскемен қаласындағы "Алтай" стадионын жөндеуге қаржы бөлінбей, әбден тозығы жеткен.

Устинка LIVE сайтында да біз бірнеше мәрте осы мәселені көтеріп, жас спортшылардың жаттығу жасауына жағдай жасалмағанын жазғанбыз. БЖСМ бірнеше рет стадионға күрделі жөндеу жұмысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар мен бюджеттік өтінім берген. Бірақ сұраған сомасы берілмеді.

Биыл ақыры жөндеу жұмыстарына 198 млн теңге бөлінетін болды. Жұмыстар басталып кетті.

- Күрделі жөндеу жұмыстары аясында көгалды, спорттық жолақтар мен футбол алаңы жабындысын ауыстыру, әкімшілік ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу, көрермендер үшін 300-400 орын дайындау, стрит-воркаут алаңдарын жасау көзделген, - дейді қалалық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің басшысы Алмас Атаев. – Сонымен қатар, Чехов көшесі жағынан стадионға кірер жол да жөнделеді.

Мердігерлер жұмыстары қыркүйек айында аяқталады деп жоспарлауда. Сонда жас футболшылардың жаттығуына жайлы жағдай жасалып, оларды жаңа жетістіктерге шабыттандырар еді.
Следующая →