Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

ШҚО-да соғыс ардагерінің наградалары отбасына табысталды

Марапат Эстониядағы іздеу жұмыстарының нәтижесінде табылған

ҰОС соғысында қаза тапқан жерлесіміз, Үржар ауданының тумасы Абдулманат Таиповтың осы уақытқа дейін із-түзсіз жоғалғандар санатында болған.

- Біздің батырымыз 282 атқыштар дивизиясының 3 ротасының командирі болып қызмет еткен, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов. - 1943 жылдың 6 маусымында сержант лауазымында жау шебіне бірінші болып басып кіріп, ұзақ мерзімді қорғаныс бекіністерін гранаталармен жойып, пулемет нүктесін басып алады. Осы батылдығына "Ерлігі үшін" медалі табыс етілген. Марапат Эстониядағы іздеу жұмыстарының нәтижесінде табылғанын атап өткім келеді.

Сондай-ақ, аймақ басшысы ұлы мерекенің құрметіне бірқатар соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін үйіне барып құттықтап қайтқан. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан құттықтау хаттары мен естелік сыйлықтарын да табыс етті.

- Батыр ардагерлеріміздің ұлы жолы жоғары құрметке лайық. Олар біз үшін, біздің бейбіт, жарқын болашағымыз үшін өмірін, денсаулығын, балалық шағы мен жастығын берді. Құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, сіздерге Жеңіс үшін зор алғыс айтамын! – деді Даниал Кенжетаұлы.
Следующая →