Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

ҰОС ардагерлерін неге мәңгі есте сақтауымыз керек?

Ардагерлердің көзсіз ерліктері құрметке лайық, ал есімдері ел жадында мәңгі сақталады: қарапайым телефонист қалай қаһарманға айналды

Қаһармандар тырналардың тізбегімен аттанып кетсе де арттарынан өшпес із, сарғайған фотолар мен жылы естеліктер қалды. Мақытаныш, абырой... Ардагерлердің ерліктері мен қайсарлықтары үшін мақтаныш қалды.

Қабылбек Шакеновті Зырян аудандық әскери комиссариат 26 жасында шақыртқан. 1941 жылдың желтоқсанынан Жеңіс күніне дейін ерлікпен қызмет етті. Екі рет "Ерлігі үшін" медалін алған. Бірінші рет 1943 жылы, екінші рет Берліндегі Грюневальд ауданындағы фашистерді жеңген уақытта табысталған.

Сиясы кеткен қағаздағы жазу қысқа әрі нұсқа. Оның есімі қаһармандардың ұзын-сонар тізімінде 19-шы қатарға жазылған.

- 4 батарея телефонисі Қабылбек Шакенов 1945 жылғы 18 наурыздағы ұрыста жаудың бораған оғы астында да батарея мен пункт командирі байланысын үзіліссіз қамтамасыз еткені үшін марапатталсын, - делінген құжатта.

Үш жол болса да мәні зор. Жеңістен кейін Қабылбек туған жеріне оралып, мұғалім болып қызмет етті. Таврия ауданындағы ұл-қыздарға үйреткені мол. Шағын ғана Аврора стансасында тұрды. 1977 жылы өмірден озғанға дейін соғыс туралы, өзінің майдандағы ерлігі жайлы ешкімге де жақ ашпаған. Туыстары қазір ол жайлы, қаһармандық әрекеттері туралы мәліметтерді жинастыруда. Қарапайым майдангердің төрт баласынан 8 немере, 14 шөбере, 2 шөпшек тараған. Барлығы да ардагер аталары туралы естеліктерді құрмет тұтып сақтауда.

- Суретте Қабылбек атам өзінің майдангер жолдастарымен, - дейді Қабылбек атаның немересі Марат Сайлаубайұлы. – Соғыстан кейін олар атама келіп, оны қазақ батыры деп атап, мақтаған деседі. Атамның қайсарлығын мақтан тұтамын, ол жайлы естеліктер ғасырлар бойы сақталуына атсалысамын. Ол маған және менің балаларыма бейбіт күннің астында өмір сүрі мүмкіндігін сыйлады.

Қабылбек Шакеновтің туыстары Өскемен қаласындағы Ардагерлер кеңесінен көмек сұраған. Ал қоғам белсенділері Алтай және Глубокое аудандарының әкімдері хат жолдап, батырдың есімін мәңгілік ету мақсатында аты-жөнін Даңқ мемориалындағы қаһармандар тізімі қатарына қосуды сұраған. Өйткені Қабылбек Шакеновтің есімі ел жадында мәңгі қалуға лайық.
Следующая →