Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

ШҚО-да тағы бір кардиологиялық орталық пайда болады

Аягөзде жаз мезгілінің басында кардиологиялық орталықтың құрылысы аяқталады

Барлық стандартқа сәйкес келетін кардиологиялық орталық облыстық клиникадан еш кем емес. Мұнда аягөздіктерден бөлек, Үржар, Жарма, Тарбағатай аудандарының тұрғындарына да медициналық көмек көрсетіледі. Аталмыш нысанның құрылыс жұмыстарымен ШҚО әкімі Даниал Ахметов іс сапар барысында танысып қайтты.

Кардиологиялық орталық аудандық аурухана негізінде салынуда. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Шалқар Омаровтың айтуынша, бұл орталықты салу қажеттілігі бұрын туындаған. Осыған дейін өткір немесе жедел кардиологиялық патологиясы бар науқастардың дені Семей, Өскемен, Нұрсұлтан және Алматыдағы кардиологиялық клиникаларға ем қабылдауға жіберілген.

Аягөздегі кардиологиялық орталыққа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы келісім ағымдағы жылдың 20 ақпанында жасалған. Бүгінде мұндағы жөндеу жұмыстарының 60 пайызы атқарылған. 1 маусымға дейін аталмыш нысандағы құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталады деп күтіледі.

- Барлық қажетті құралдар сатып алынды. 15 мамырға дейін медициналық рентген-ангиографиялық аппараты орнатылады. Мұнда компьютерлік томография бар. Айта кететін бір жайт, ауруханада оттегімен қамтамасыз ету оң жолға қойылған. Мұнда өткір немесе жедел кардиологиялық патологиясы бар науқастар емделетін болады. Бізде инсульттық орталық жемісті еңбек етуде. Екі жылдың ішінде 1870 адамды емдеп, 970 адамды оңалтудан өткіздік, - деді Шалқар Омаров.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов құрылыс жұмыстарына оң бағасын берді. Сондай-ақ ол аудандық орталық ауруханадағы өткен жылы медициналық қызмет көрсету бойынша ІІІ деңгейге өткен босану бөлімшесіне барды.

- Бұл ауылдағы медицинаның басқа деңгейі. Жуық арада мұнда аниограф қойылады. Сонда Аягөздегі аудандық аурухананың қызмет көрсету деңгейі Өскемен мен Семейден еш кем болмайды. Бүгінде осы ауруханада жұмыс істейтін 15 дәрігер Еуропаға барып, біліктіліктерін шыңдап қайтты. Бұл алға жылжудың нақты көрінісі, - деді Даниал Ахметов.

Іссапар соңында аймақ басшысы бес қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Ағымдағы жылдың 15 маусымында 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй қолданысқа беріледі.
Следующая →