Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Олардың барлығы бұған дейін COVID-19 жағдайы расталған 1952 жылғы науқаспен байланыста болған
- Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің ақпараты бойынша, енгізілген шектеу шараларына қарамастан, 1952 жылғы әйелдің үйінде отбасылық іс-шара өткен. Бүгінде коронавирус 8 адамның жетеуінде анықталып отыр. Олардың ішінде 2017 жылғы бала да бар, - деп мәлімдеді ШҚО әкімінің баспасөз қызметі. - Эпиданамнез бойынша олардың барлығы облыстан тыс жерлерге, шет елдерге шықпаған. Осы ошақтағы тек бірінші жағдай бойынша 47 адам байланыста болғаны анықталды, оның 10-ы жақындары. Барлық 7 жағдай бойынша байланыста 83 тұлға болған. Жақын туыстары - 26, әлеуетті санатта – 57 адам.
- Шығыс Қазақстан облысының барлық тұрғындарын карантиндік тәртіптің барлық шектеулерін қатаң сақтауды сұраймыз. Өзіңіз бен жақын адамдардың өмірінің қауіпсіздігі үшін ең алдымен Сіз жауаптысыз! Сондықтан сақтай біліңіздер! – деп мәлімдеді облыс әкімінің баспасөз қызметі.