Өскеменде ағайындылар көршілерін өрт құрсауынан алып шықты
Жер үйде өрт шығып, үш адамның өміріне қауіп төнді
Өрт сөндіруші мамандар Өскемен және Семей қалаларында енгізілген шектеу шараларына байланысты халықтан өрт қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, электр құрылғыларының және пештің дұрыс істеп тұрғанына көз жеткізу керектігін ескертеді
Өскемен қалалық ТЖБ хабарлағндай, 5 сәуір күні түнгі сағат 2-лер шамасында Тимофеев көшесінде өрт шықты. Жер үйде шыққан өртті байқаған көршілері ойланбастан көмекке ұмтылған. Ағайынды жігіттер үй терезесін бұзып, шырт ұйқыда жатқан екі ер адам мен әйел адамды оятқан. Бірі – 1963 жылғы үй иесі. Ал үйде болған екінші ер адам мен әйел адамның кім екеніа анықталуда.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімінің мамандары 30 шаршы метр аумаққа жайылған өртті ауыздықтады.
Следующая →

- Көршілерінің өміріне арашаға ағайынды Рахат Қожахметұлы мен Дастан Елеусізов жеткен, - деп түсіндіреді Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз қызметі. – Олар өрт сөндірушілердің келуін күтпей, үйде қалғандарды құтқаруға ұмтылған. Бірақ екі қаһарман өздерін жария етуден бас тартты.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімінің мамандары 30 шаршы метр аумаққа жайылған өртті ауыздықтады.
Тақырыптар:
Спасли из огня соседей Пожар в Усть-Каменогорске Вытащили из огня Пожар в частном доме Спасли соседей