Онлайн емес, қашықтан оқиды
ҚР Білім және ғылым министрі оқушылардың ата-аналарын сабырға, ал оқытушыларды балаларға көп тапсырмамен жүктемеуге шақырды
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов facebook әлеуметтік желісі арқылы қашықтан оқыту мен онлайн оқу форматтарының айырмашылығын түсіндіріп өтті.
Сондай – ақ, министрдің айтуынша ҰБТ-ға дайындық тесттерін Ұлттық біріңғай тестілеу орталығы электронды түрде тегін тест сұрақтарын дайындап шықты.
Естеріңізге сала кетейік, 6 сәуірден бастап мектеп оқушылары қашықтан оқу жүйесіне ауысатын болады.
Следующая →
- Кейбір азаматтар қашықтан оқу мен онлайн оқуды әлі ажырата алмай отыр. Осыған орай қайтадан түсіндіріп өтейін. Онлайн оқу дегеніміз ол Skype немесе Zoom арқылы оқушылармен тікелей трансляцияға шығып жұмыс істеу. Ал мен айтқан төрт бағыт, яғни теледидар, радио, пошта және интернет желісі солар қашықтан оқу құралы болып саналады, – деді Асхат Қанатұлы.
Сондай – ақ, министрдің айтуынша ҰБТ-ға дайындық тесттерін Ұлттық біріңғай тестілеу орталығы электронды түрде тегін тест сұрақтарын дайындап шықты.
- Карантиннің кесірінен көптеген мүмкіншіліктерден айырылып отырмыз. Десек те, алда келе жатқан ҰБТ мәселесі бар. Осыған орай министрліктің тапсырмасымен Ұлттық тестілеу орталығы 70 түрлі тегін тест нұсқаларын дайындап шығарды. Егер де бұл тесттер оқушыларға аз болып жатса тағы да жаңа нұсқаларын шығарып береміз, – деді Асхат Аймағамбетов.
Естеріңізге сала кетейік, 6 сәуірден бастап мектеп оқушылары қашықтан оқу жүйесіне ауысатын болады.
Тақырыптар:
Онлайн уроки в Казахстане Дистанционное обучение у школьников Школьники ВКО Режим ЧП в Казахстане