Өскеменде коронавирустың екінші жағдайы тіркелді
1938 жылғы облыс тұрғыны қауіпті инфекцияның бар-жоғын анықтау үшін талдама тапсырды, нәтижесі оң
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанның айтуынша, Өскемен қаласында қауіпті инфекция жұқтырған тағы бір адам анықталды.
- Талдаудың оң нәтижесі 1938 жылғы ер адамнан анықталып отыр. 2020 жылдың 30 наурызында стационарға түскеннен кейін одан пневмониясы бар науқастарды тексеру алгоритміне сәйкес анализдер алынған, - дейді облыстың бас дәрігері Ілияс Мұхамеджан. – Науқас қазіргі уақытта инфекциялық бокста. Арнайы ем тағайындалды. Жағдайы орташа дәрежеде. Ілеспе патологиялардан онкогематологиялық ауруы бар.
Айта кетейік, аталған азаматпен байланыста 55 адам болған. Қазіргі таңда бір бөлімшеде жатқан 12 науқастың талдаулары теріс нәтиже көрсетті. Қалған 43 адамның талдаулары жұмыста.
Осыған дейін анықталған алғашқы науқаспен ешқандай туыстық қатынасы жоқ.