Ауылдың тең жартысын жарықсыз қалдыра жаздады
Глубокое ауданының тұрғыны бағанадағы тоқ сымын шешіп алып, түсті металл сататын орынға апарып өткізбек болған
Тұрғын құны 121 мың теңге болатын 50 метр кәбілді ұрлаған.
- Қаскөй кәбілдер арқылы тоқ өтіп тұрмағанын білген, - деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. – Ол күштік кәбіл мен қорғаныс қорабын оп-оңай шешіп алған.
Қылмыстық іздеу қызметкерлері күдіктіні іздеп тапты. Ол 34 жастағы ер адам. Ұрланған заттар тәркіленді. Ұрлық ісіне қатысты тергеу басталды.