Тұрғындар жол жүру билеттерін қайтарып бермейтін болды
Өскемен қаласының тасымалдаушылары сәуірдегі жол жүру билеттерімен мамырда да жүруге рұқсат берді
Өскемендіктер сәуірге арналған жол жүру билеттерін өткізіп тастау қажет пе деген сұрақпен бас қатыруда. Өйткені кейбіреулер ТЖ режімі енгізілгендіктен үйден жұмыс істейтін болса, кейбірі мүлде мәжбүрлі еңбек демалысына шыққан. Сондықтан енді оларға жол жүрі билеттерінің қажеттілігі жоқ.
Оның үстіне автобустардың кестесі де 80%-ға қысқармақ.
- Өскемен қаласы тасымалдаушыларының 2020 жылдың 2 сәуіріндегі шешіміне сәйкес сәуірге арналған жол жүру билеттерін мамырда да пайдалануға рұқсат етіледі, - деп хабарлады "ШҚО автотасымалдаушылар одағы" ассоциациясының төрағасы Николай Масич.