Медициналық мекемелерде фото-видео түсіруге тыйым салынды
Коронавирус таралуының алдын алу мақсатында жасаған жаңа қаулы өткен сәрсенбіде қабылданды
Қазақстанда денсаулық сақтау ұйымдары мен азаматтарды карантинге жабатын орындарда аудио-, фото- және бейнетүсірілімге тыйым салуды көздейді республиканың бас санитарының қаулысы.
- Денсаулық сақтау мекемелері, жедел жәрдем көлігі, жергілікті билік карантинге белгілеген орында, медицина қызметкерлері үйге келіп көмек көрсету кезінде, науқастар мен онымен байланыста болғандардан анкета немесе сауалнама алу, эпидемиялық ошақта тергеу жүргізу барысында фото-, аудио- және бейнетүсірілім жүргізуге болмайды, - делінген қаулыда.
Бұл шектеу шарасын орындауға орталық мемлекеттік, құқыққорғау және арнайы органдар, облыс және Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері жауапты.