Өскемендегі дәріханаларда маска жеткілікті
Семейден әкелінген 62 мың мәрлі маскалар жергілікті Асфарм толайым компаниясының қоймаларына бүгін түсірілді
Қаладағы барық 197 дәріхана толықтай мәрлі маскалармен қамтамасыз етілді.
- Кеше қаладағы дәріханаларда 42 134 маска қалған, - дейді қалалық мәслихат хатшысы Александр Светаш. – Бүгінгі күні маскалар барлығына жеткізілді. Жоқ жерлер болса, тапсырыс бойынша жеткізілетін болады. Дәріханалар 3 сәуір түскі уақытқа дейін 34 мың маскаға тапсырыс берді.
Алайда фармацевтердің кейбіреулері халық бұл маскілерді алмайтындығын айтады. Халық мәрлі маска вирустан қорғамайды, резеңкесі қысқа болғандықтан ыңғайсыз дегенді алға тартады.
- Маска сұрап келгендерге көрсетсең, алмай кетіп қалады, - дейді қалалық дәріханалардың бірінің қызметкері.
Бірақ Александр Светаштың айтуынша, бұл маскілер өте ыңғайлы, тек өскемендіктер оны қалай дұрыс пайдалану керектігін білмейді.
- Масканың ортасы ашық – оның ішіне бірнеше қабатты мәрлі немесе майлық салып қоюға болады. Оны ауыстырып отыруға болады. Масканы қолмен сабындап жуып, кептіріп, үтіктеп пайдалану керек. 65 градус температурада вирус өледі, - деді Александр Светаш.
170 теңгелік мәрлі маска респиратордан да пайдалы.