Өскеменде коронавирус жұқтырған адам - 82 жастағы әже болып шықты
Науқаспен байланыста болған адамдардың саны шамамен 198, барлығы да анықталды
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының ұсынған ақпараттарына сүйенсек, 1 сәуірде 1938 жылы туған Өскемен қаласының тұрғыны өз бетімен емханаға денсаулығының нашарлауына шағымданып барған. Жасалған рентген нәтижесінен кейін пневмония диагнозы қойылған. Одан кейін науқасты жедел жәрдем стационарға жеткізген.
- Пневмониясы бар пациенттерді диагностикалау алгоритміне сәйкес азаматша стационарда COVID-19 инфекциясына тексерілді. Талдау нәтижесі оң болып шықты, - дейді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан. – Ағымдағы жылдың қаңтар айында науқас РФ-да болған. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты, ауырлығы орташа.
Пациентпен байланыста болған барлық адамдар анықталды. Қазіргі таңда 198 тұлға тіркеуге алынып, тиісті шаралар басталып кетті. Жақындары дәрігерлердің бақылауында. Карантиндік стационарға орналастырылды. Олардың талдауларының нәтижелері – теріс.
- Сондай-пқ стационарда жақын байланыста болған науқастардан талдаулар алынды. Онымен бір палатада жатқан 4 пациенттің үшеуінің талдауы – теріс, төртіншісінікі әлі жұмыста. Емделуші ем алған стационар карантинде, - деді облыстың бас дәрігері.