ШҚО-да қанша адам карантинде жатыр?
Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан айтты
Ілияс Мұхамеджанның айтуынша, облыста 52 адам провизорлық стационарда, 61 адам карантиндік стационарда, 662 адам үй карантинінде. Бұлардың ешқайсынан вирус анықталмады.
- Облыста арнайы алгоритм даярланған. Сол бойынша қазір облыста даяр тұрған инфекциялық төсек саны - 500, провизорлық – 600, карантиндік төсек саны – 2505. Қажет болған жағдайда инфекциялық төсек санын 913-ке, провизорлық – 1000-ға, ал карантиндік төсек санын 4500-ге жеткізуге мүмкіндік бар, - деп атап өтті өңіріміздің бас дәрігері.