ШҚО-да дәке таңғыштарын тегін тарату басталды
24 наурыздан бастап өңірдің дәріханаларынан вирустан жеке қорғану құралдарын тіркелген 170 теңге бағаға сатып алуға болады
94 мың таңғыш ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға, тыл еңбеккерлеріне, І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге, жетім балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға тегін таратылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі..
- Біз қазір жоспарланған көлемнің өндірісіне шықтық, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. - 22 наурыздан бастап зейнеткерлік жастағы адамдар үшін бірнеше рет қолданылатын маскалар "Қазпошта" ғимаратында сатылатын болады.
Таңғыш құны - 170 теңге. Олар 24 наурыздан бастап қала мен аудандардың дәріханаларында да сатылады. Таңғыштар тек бір адамға төрт данадан сатылатын болады. ⠀
Облыс тұрғындарының дәке таңғыштарына баға көтерілу фактілері туралы қала әкімдіктеріне хабарлауды сұрайды.