Семей тұрғыны тәртіп сақшыларына өз көлігінің ұрланғаны туралы жалған хабар берген
Анықталғандай, ол жол-көлік оқиғасы орнынан қашып, өзін жасыру үшін полицияға хабарлаған
Автокөлігінің ұрланғаны туралы өтінішпен Семей қаласының Затон полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны хабар берген. Ер адам белгісіз тұлға күш қолданамын деп қорқытып, оның "Лада Гранта" маркалы автокөлігімен заңсыз алып кеткенін айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
- Іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері куәгерлерді анықтады. Тәртіп сақшылары айдап әкету фактісіне байланысты барлық ақпаратты мұқият тексеріп шықты. Нәтижесінде, Жол-көлік оқиғасына қатысу фактісін жасыру үшін өтініш беруші өітірк айтқан, іс жүзінде ешкім көлікті айдап кетпегені анықталды, - деп хабарлады Семей қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі.
30 жастағы азамат Мамай батыр көшесінде "Лада Грантаны" басқара отырып, басқа автокөлікпен соқтығысқан. Содан кейін ЖКО орнынан бой тасалаған. Кейін полицияға қоңырау шалып, айдап кеткені туралы хабарлады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, арыз берушінің іс-әрекетінде ҚР ҚК-нің 419-бабы 2-бөлімі "Қылмыс жасағаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізу" бойынша қылмыстық құқық бұзушылық қаралады. Тергеу амалдары жүргізілуде.