ШҚО Үржар ауданының көп балалы аналары дәкеден бетперде тігуде
Мақаншы ауылының әйелдері медициналық дәке бағасының өсуіне және олардың болмауына бей-жай қарамаған жоқ
Үржар ауданының тұрғындары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирусты инфекцияға байланысты төтенше жағдайды енгізу туралы Жарлығын түсініп, өз бастамашылығымен шықты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Көп балалы аналар бірнеше рет қолдануға болатын дәке маскаларын жасауды ұсынды. Аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов әйелдер бастамасын қолдады. Енді дайын өнімдер ауданның барлық аз қамтылған отбасыларына және зейнеткерлерге тегін беріледі.
- Бүгін біз ауданның көп балалы отбасыларын қолдап қана қоймай, коронавирустық инфекцияға байланысты уақытша сынақтарды бірге еңсереміз. Мұндай қиындықтар бізге үлкен мүмкіндіктер береді. Ең бастысы, барлығымыз бірге күресуіміз керек, - дейді көп балалы ана Рысалды Мұхаметқалиева.
Айта кетейік, ауданда COVID-19 алдын алу бойынша шұғыл әрекет ету топтары құрылған.