ШҚО Экология департаменті тұрғындарды қабылдауды тоқтатты
Бүгінгі күні Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты мекеме алдын алу шараларын қабылдады
19 наурыздан бастап ШҚО Экология департаменті халықты қабылдауды уақытша тоқтатып, қашықтап жұмыс істеу және қағаз құжат айналымынан бас тарту туралы шешім қабылдады. Мекемеге жүгінгісі келгендердің барлығы egov.kz арқылы өтініш жазуы керек. Ол үшін ЭЦҚ қажет.
Қандай да сұрақтар туындаған жағдайда 8(7232)76-76-82, 8(7232)76 81-98 нөміріне хабарласып, 8(705) 752 65-66 WhatsApp нөміріне немесе vko-ecodep@ecogeo.gov.kz, ukecolgl@mail.ru электронды мекенжайларына хат жазуға болады.