Қазақстанның 14 азаматы елге қайта алмай отыр
Қазір олар Мәскеудегі Внуково әуежайының жасыл дәлізінде күтуде
Қазақстандықтар үйге Мәскеу арқылы келе жатқандарын айтады. Билеттері қолдарында, бірақ SCAT әуе компаниясының рейстері тоқтатылғандықтан, жолаушылар әуежайда қалуға мәжбүр болды, деп жазады NUR.KZ сайты.
- Мәскеуден өз қаражатымызға ұшып шығуға әзірміз. Бірақ Внуково әуежайынан Қазақстанға рейстер жоқ. Басқа әуежайдан бар, бірақ біз мына суық бөлмеден шыға алмай отырмыз. Паспорттарымызды алып алды, - деді отандастарымыздың бірі.
Қазақстан және Ресей елшіліктері адамдарға барлық көмек көрсетіліп, жағдай бақылауда екенін жеткізді.