ШҚО-да коронавирусқа күдікті науқас шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді
ОАР азаматы Семей қаласында жұмыс істейді. Техникалық жиынға Дубай мен Нұр-Сұлтан арқылы транзитпен ШҚО-ға келген.
Денсаулық ақтау басқармасының хабарлауынша, азамат 12 наурыз күні ауырғанын айтқан, дене қызуы көтеріліп, тұмауратқан.
Бекітілген іс-қимылдар алгоритміне сәйкес, Семей қаласының ЖМЖС науқасты инфекциялық стационарға қорғаныш костюмдері арқылы жеткізді. Науқас ауруханаға жатқызылды.
- Қазіргі уақытта ЖРВИ, ауырлығы орташа деңгейдегі бронхит диагнозы қойылған. Қосымша диагноз: 2 типті қант диабеті, инсулинге тәуелділік. Алдын алу мақсатында Сovid 2019-ға талдау алынды, - деп хабарлайды мекеме.
Следующая →