Ішімдікке мас азамат өрт құрсауында қалды
8 наурыз күні Назарбаев даңғылындағы жер үйлердің бірінде өрт шықты
Өскемен қаласындағы төтенше жағдайлар бойынша басқарма мамандары тілсіз жау шаруашылық нысандары, монша мен үй иесінің жеке заттарын құртқанын айтты.
Құтқарушылар өрт 200 шаршы метр аумаққа жайылып кеткенде жеткен. Қосымша үш көлік шақыртуға тура келді. №7 өрт сөндіру бөлімінң мамандары тілсіз жауды ауыздықтап, от құрсауынан 43 жастағы азаматта алып шықты. Ол мас болған көрінеді. Арқасы термиялық күйік алған ол облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа жеткізілді.
- Өрттің шығуы бойынша: пешті салу немесе жағу кезінде; электр құрылғысын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік талаптарын сақтамау, - деп мәлімдеді ТЖБ.