Ресей ғалымдары ғарыштық күн электр стансасын салады
Ресей ғылым академиясының Мәскеу реадиотехникалық институты орбиталық электр стансасынан Жерге қуат беру жүйесін патенттеп алды
Ғарыштық күн электр стансасын 300-ден 1000 км биіктікте орнатпақ, деп жазады Новости РАА сайты. Ол Жерде орналасқан қабылдау пунктінің үстінен ұшып өткенде қысқа толқындардың өкмегімен аккумуляторға жиналған қуатты шаша алады.
Ресей ғалымдарының айтуынша, осы әдістің арқасында қуат жетіспейтін аумақтар тікелей жеткізуге мүмкіндік болады. Ол үшін жер үсті электр өткізгіш желілерін құрудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, пайдаланылатын көмірсутек жанармайының мөлшерін азайтуға септігін тигізеді.