Өртті сөндірмек болған ер адам күйіп қалған
Құтқарушылар азаматтарға өз күшіне сенбесе өртті өз ебтінше сөндіруге тырыспау қажеттігін ескертті
Катонская көшесінде жер үй өртке оранды.
76 жастағы үй иесі жалынды өзі сөндірмек болып, күйіп қалған. Өскемен қалалық ТЖБ ұсынған ақпараттарға сүйенсек, өрт сөндірушілер жеткенде үйдің шатыры, төбе жабындысы мен жиһаз жанып жатқан.
Құтқарушылар 50 шаршы метр аумақты қамтыған өртті сөндірді. Өрттің шығуына электр құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік шараларына салғырттық таныту немесе электр құрылғысын апаттық жағдайда пайдалану себеп болуы мүмкін.
Тақырыптар:
Пожар в Усть-Каменогорске Сгорел дом в Усть-Каменогорске Мужчина получил ожоги при пожаре УЧС Усть-Каменогорска Пожар на улице Катонская