Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

Биыл "ескі" Өскемен қалай абаттандырылады

Алаңдардағы жаңа балалар және контейнерлік алаңдар, жаяужолдар, көшені жарықтандыру шамдары – бұның барлығын қала тұрғындарына Жақсылық Омар уәде етті

Облыс әкімінің есеп беру кездесулері жалғасуда, Өскеменнің оң жақ жағалауында айтарлықтай жаңартулар жоспарланып отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өткен жылы қалада 25 аула аумағын кешенді абаттандыру жүргізілді, 64 жаңа балалар ойын алаңдары орнатылды.

№7, 8, 9, 10 ЖБК аумағында Виноградов көшесіндегі 19, 21, 29, 23, 25, 27, Шәкәрім даңғылы, 171, Вострецов көшесі: 4, 4/1, 6, 8, 8а және Бажов көшесі бойынша: 333/2, 331/4 үйлердің аулалары жөнделді. Биыл қандай аулалардың жаңартылатынғын қазір қалалық әкімдіктің конкурстық комиссиясы анықтайды.

- Жалпы ұзындығы 2,6 шақырым және аумағы 3780 шаршы метр 11 жаңа жаяужолдар жайластырылды, - деп хабарлады ОМҮ-де халықпен кездесуде Жақсылық Омар. - Жаяу жүргіншілер жолдары Бажов көшесі 71, 73 үйлер ауданында және "Маяк" дүкені ауданында, сондай-ақ Якутская көшесінде пайда болды. Тұрғындардың өтініші бойынша 2020 жылы жалпы ұзындығы 4 километрден астам және ауданы 6,1 мың шаршы метр 25 жаңа жаяужолдар салу жоспарлануда. Оның ішінде №7, 8, 9, 10 ЖБК аумағында жаяужолдао №43 мектепке жақын жерде, Мирный кентіндегі Целинная көшесінде, Нефтяной көшесінде - Бажов көшесінен батыс тұйық көшесіне дейін пайда болады.

Адамдарға Бажов көшесі бойынша № 469 үйден № 570/1 үйге дейін, Сібе көшесі мен Спасская көшесінің қиылысында жаяу жүргіншілер жолдарын жайғастырады.

Өткен жылы қалада 27 учаске жарықтандырылды, 12 шақырым электр желілері салынды, 450 жарық желісі орнатылды. Биылғы жылы ұзындығы 25 шақырым болатын 35 учаскеде жарық беруді ұйымдастыру жоспарланған. Защита, КСМ, Әуежай шағын аудандарындағы 10 көше, оның ішінде №27 мектептің өту жолдары мен бағбандық серіктестіктердің жолдары қамтылады.

Сәуір айында Өскеменде көше жарығын энергия үнемдейтін 17 мың жарық нүктесіне ауыстыру бойынша ауқымды жоба басталады. Сондай-ақ, қала әкімінің ақпараты бойынша, ағымдағы жылы 248 контейнер алаңы жөнделеді.

Следующая →