ШҚО-да ресейлік азамат полицейлерге пара беруге тырысқан
"МАЗ" автокөлігін басқарып келе жатқан алысқа қатынайтын (дальнобойщик) жүргізуші жол ережесін бұзып, айыппұлдан құтылуға шешім қабылдады
Семей қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері оны әкімшілік жауапкершілікке тартпауы үшін Ресей азаматы оларға 500 рубль (2955 теңге) ұсынды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Полиция қызметкерлері бұл факт туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ШҚО бойынша департаментіне мәлімдеді.
- Кінәнің толық мойындалуына және әкімшілік іс жүргізуді қысқартылған тәртіпте жүргізілуіне байланысты РФ азаматы мемлекет пайдасына 265100 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды, - деп түсіндірді ШҚО бойынша СЖҚКА баспасөз қызметінде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте атап өткендей, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жазалаудың бұлтартпастығы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басты басымдығы болып табылады және құқық бұзушылар пара мөлшері мен азаматтығына қарамастан жауапкершілікке тартылады.
Егер сіз пара беру немесе алу фактісінің куәгері болсаңыз, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Call-орталығына хабарласу қажет: 1424, ол тәулік бойы жұмыс істейді.