Меновное ауылдық округінің тұрғындары автобустардың жетіспеушілігіне шағымдануда
Тұрғындардың айтуынша, соңғы уақытта қоғамдық көлік саяжай алқабына қатынамауда
Меновное ауылдық округінде жеті мыңнан астам адам тұрады, олардың мыңнан астамы – балалар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омармен кездесуге барлық ауылдардан, тұрғын үй аудандарынан және бағбандық қоғамдардан тұрғындар келді. Ауыл тұрғындарын көше жарығының, жабдықталған аялдамалардың, жаяужолдардың жоқтығы толғандырады. Екі баланың анасы Маржан Абдрахманова қала басшысына , соңғы уақытта қоғамдық көлік саяжай алқабына қатынамай жатқан қоғамдық көлік жұмысына шағымданды.
- Автобус жүргізушілерінің бізге адами қатынасы жоқ! - дейді Маржан Әбдірахманова көзіне жас алып. – Менің аяғым ауырады, әрең жүремін. Автобустар жүрмейді, балалар күнделікті мектепке жету үшін қалың қарды кешуге тура келеді. Ең болмағанда бір таңғы маршрутты қоюға бола ма? Біз көп ештеңе сұрамаймыз.
Жақсылық Мұқашұлы қоғамдық көлік мәселесін қала орталығында да шешілмей жатқандығына қарамастан, жағдайды жолға қоюға уәде берді.