Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

16 литр қан тапсырды

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиал қызметкерлерінің жұмысы әдеттегіден өзгеше басталды

Кеше қызметкерлер жұмыс орнынан шықпай қан тапсырып, орталықтың қан қорын толтыруға үлес қосты.

- Акцияға қатысушылар өз еріктерімен донор ретінде қан тапсырып, мұқтаж жандарға көмектесуді мақсат етті. Осы тектес шаралар қаншама жанның өмірін аманалып қалуға мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, қан тапсырушы донор үшін де өте пайдалы. Ағзадағы қан жаңарып, ішкі органдарға оң әсерін тигізеді. Біз көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын соза алатынымызға шын қуаныштымыз,– дейді филиал директорының орынбасары Жанат Умергалиева.

Қызметкерлердің әрбіреуі 350-400 мл шамасында қан тапсырды. Донациядан бұрын, қан тапсырушылар дәрігердің қабылдауынан өтіп, жалпы денсаулығын тексертті.

- Жыл сайын қан тапсырамын. Бұл – өте жақсы іс. Біреулерге қан тапсыру қажеттілігі туындаған кезде өз еркіммен келіп, қан тапсырып тұрамын. Мен өз қан тобымды білемін және мен тапсырған қан мұқтаж адамдарға құйылып, көмектессе қуанамын,– дейді филиал қызметкері Айжан Агибаева.

Донор болған азаматтарға жұмсалған энергия мөлшерін тез қалпына келтіру үшін тәттілер мен шай ұсынылады. Сондай-ақ орталықтан қан тапсырғандығын растайтын анықтама беріледі. Сол құжат бойынша донор  бір күнге жұмыстан босатылады немесе еңбек демалысына қосымша бір күн қосып ала алады. 

Айта кетейік акция аясында филиалдың 35-тен астам қызметкері донор болуға ниет білдірді.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО ХҚКО Донор