Өскемен
ясно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +5°
  • Ақтөбе
    +6°
  • Актау
    +13°
  • Орал
    +9°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +4°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    -4°
  • Петропавловск
    +4°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +6°
  • Шымкент
    +17°
$
536.32
-1.52
626.9
+0.05
¥
75.27
-0.21
6.6
-0.19
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Қаңтардың 21-і күні Өскемен қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде 8-сыныптар арасында "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" зияткерлік ойыны өткізілді

Бұл шара "Менің өмірімде қолданатын мақал-мәтелдер" жобасы аясында ұйымдастырылды. Сайыстың басты мақсаты - оқушылардың тіл байлықтарын дамыту, ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, халық мұрасын, ұлттық құндылықтарды насихаттау, мақал- мәтелдерді өмірде қолдана білуге баулу болып табылады.

Сайыс үш кезеңнен тұрды:
1-кезеңде оқушылар мақал-мәтелдерді мазмұнына қарай топтастырса,
2-кезеңде бейнебаяндағы рольді сомдады, көріністегі ойды мақал-мәтелмен тұжырымдады.
3-кезеңде әр түрлі жағдаяттарды шешу арқылы ой-түйінін мақал-мәтелдермен қорытты.

Қатысушы өрендер сайыстың қай кезеңінде болмасын мақал-мәтелдерді орынды қолданып, тапқырлық танытып отырды. Жобаға сәйкес қаңтар айына белгіленген "мінез" тақырыбына сай мақал-мәтелдерді де ұтымды пайдалана алды.

Сайыс Абай Құнанбаевтың 6-шы қара сөзіндегі "Өнер алды - бірлік, ырыс алды - тірлік" туралы даналық сөздерімен қорытындыланды. Абайдың "бірлік - ақылға бірлік екенін, көкірегі ояу, көңілі тірі болса, сол тірлік" деген оймен оқушылар сайысты тұжырымдады.

Әділқазылар алқасы мен сайыс қонақтары қатысушыларға жылы лебіздерін білдіріп, мақтау қағаздарымен марапаттады.
Следующая →
Тақырыптар: ШҚО НЗМ Мақал-мәтел