Алматыда есірткі жарнамасын таратқан адам ұсталды
"Суретші" тыйым салынған психотроптық заттарды ғимараттардың сыртына салып жүрген. Енді ол түрмеге қамалуы мүмкін
Тәртіп сақшылары оны Алматыдағы Бостандық ауданында қолға түсірген, деп жазады Tengrinews.kz сайты.
25 жастағы күдікті уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Ол бұған дейін қылмыстық жауапқа тартылған екен. Заңға енгізілген өзгерістерге байланысты ол енді үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.