ШҚО-да қар көшкіні қаупі бар
Теміржолшылар қар көшкініне қарсы сақтық үшін «Тұрғысын – Заводинка» өтпесінде тау беткейінде жиналған қарды жарылыс жасап тау етегіне түсірмек.
Шығыс Қазақстан облысындағы темір жолдың тауда өтетін тұстарында мәжбүрлі түрде қар көшкіні түсіріледі. Тұрғысын – Заводинка өтпесінде осындай жұмыс жүргізіледі. Бұл шара қар көшкіні пайда болуы мүмкін беткейлерде жүзеге асырылады.
Следующая →
- Шығыс Қазақстанда қаңтар айы бойы боран соқты. Таулы жерлердегі жолды қар көшкіні басып қалуы қаупіне байланысты бірнеше мәрте алдын ала ескерту жарияланды. Соған байланысты көлік жолдары жабылғанымен, теміржол үздіксіз істеп тұрды. Қазіргі кезде Серебрянск жол дистанциясының жұмысшылары тау бөктерінен қардың көшуін бақылау жүргізуге дайындалуда, - делінген хабарламада.