Ақмола облысында екі ер адам шіркеуді тонаған
Болған оқиға туралы полицияға шіркеу қызметкері арызданған. Ол белгісіз екі ер адам шіркеуге терезеден кіріп, барлық бағалы заттарды ұрлап кеткенін айтқан
Ұрылар шіркеуден ақша, жалпы құны 700 мың теңге болатын күміс бұйымдарды қолды еткен, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Дін қызметшісінің көзіне сүйенсек, ұрылар ішінде крест, алқа, мойынтұмарлар жатқан сейфті алып кеткен. Ақмола облысының тәртіп сақшылары ұрылардың ізіне түсіп, көп ұзамай екі күдіктіні тұтқындады. Айғақ заттар тәркіленді.
Қазіргі таңда ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктілердің айыбы расталса, бестен он жылға дейін бас бостандықтарынан айырылады.