Семей тұрғынын белгісіз біреулер алып кеткен
Туыстарының айтуынша, қаңтар айының басында Семей қаласының 61 жастағы тұрғыны Нигмаджан Измайловты белгісіз біреулер алып кеткен. Содан бері оның қайда жүргені белгісіз
LIDER.KZ еріктілері хабарлағандай, Нигмаджан Измайловтың қарындасының айтуынша 5 қаңтар мен 9 қаңтар аралығында ағасын белгісіз біреулер үйінен алып кеткен.
Жоғалған азамат – Семей қаласының тұрғыны, Восточный кентінде тұрып жатқан. Бойы 168-170 см, арықша келген. Көзі сұр-көк, ақ шашты. Ерекше белгілері – басында тыртық бар. Жоғалған күні не киіп жүргені белгісіз.
Жоғалған азаматтың қайда жүргенін білетіндер болса, 102 немесе 8-747-349-57-17 нөмірлеріне хабарлауды сұрайды.