Қаладағы кей мектептердегі бастауыш сыныптары үшін сабақтар болмады
Бүгін Өскемен қаласындағы мектептердің бірінші ауысымындағы балалар үшін сабақ болмайды деген ресми ақпарат болған жоқ. Бірақ кей мектептердегі бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ болған жоқ
Мектеп директорлары сабақ болу-болмауын өздері шеше алатындықтан, әр аудандағы білім ошақтарының басшылары әр түрлі шешім қабылдады.
Ата-аналар чатында наразылық танытып жатқандар бар. Неліктен бір мектептегі оқушылар сабақ оқиды, ал біреулер оқымайды№ю
Ал қалалық білім бөліміндегілер ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы бұйрығына сәйкес, әр мектептің директоры өздері біледі.
- Қала бойынша әр ауданда сыртқы ауа температурасы әр түрлі болуы мүмкін. Көп жылдық зерттеу бойынша алты градусқа дейін айырмашылық болады екен, - деп атап өтті қалалық білім бөлімінің әдіскері Виктор Храмцов. - Осыға орай жергілікті мектеп директоры сәйкес шешім қабылдайды.
Яғни, енді әр оқушы сабақтың болатын-болмайтындығы жайлы ТЖ сайтындағы ақпаратты сынып жетекшісінен нақыталауы керек.