2019 жылы 300 үйсіз жануар ауланды
Қаңтарда 12 қала тұрғыны арнайы мекемеге қаңғыбас иттерді ату туралы шағым түсірген
Қаңғыбас иттерді "Өскемен мал дәрігерлік қызметі" КММ қызметкерлері аулайды. Жұмыстар "Жаппай спортты дамыту орталығының" КММ немесе құқыққорғау органдарының тапсырмасы бойынша кестеге сай жүргізіледі.
- Орталық өкілдерімен бірге біздің қызметкерлер және полиция қызметкерлері өтініш түскен мекенжайға барады, - деп түсіндірді "Өскемен мал дәрігерлік қызметі" КММ директоры Ерлік Ордабаев. - Атқарылған жұмыстар арнайы акті бойынша бекітіледі.
Мәселен, 2020 жыл басталғалы Өскемен қаласындағы 12 тұрғынның өтініші бойынша 293 ит пен мысық ауланған. Өткен жылы 2557 ит пен 226 мысық ауланған. Жалпы 57 өтініш түсті.