Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

200 теңгелік тиындар айналымға шықты

2020 жылғы үлгідегі номиналдық құны 200 (екі жүз) теңгелік монеталарды айналысқа шықты

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2020 жылғы 28 қаңтарда 2020 жылғы үлгідегі номиналдық құны 200 (екі жүз) теңгелік биколорлы айналыстағы тиындарды айналысқа шығарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, айналдыра эмитент елді білдіретін QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY деген жазба бейнеленген. Монетаның төменгі жағында соғылған жылын білдіретін 2020 деген жазу бар.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде номиналын білдіретін және номинал цифрының кескінін қайталайтын көлденең сызықтар бедері аясында орындалған "200" деген жазу бар. Монетаның жоғарғы және төменгі бөліктерінде - тік сызықтар түрінде орындалған ою-өрнек кескіндері. Монетаның төменгі бөлігінде - тарамдалған сызықтар аясында орындалған, ұлттық валютаның мәтіндік атауын білдіретін TEŃGE деген жазу. Монетаның сол жақ бөлігінде QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI эмитент банкті білдіретін QUB аббревиатурасы бар. Монетаның оң жақ бөлігінде - Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі (логотип).

Следующая →