Өскемен
облачно
+3°
  • Өскемен
    +3°
  • Алматы
    +7°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +3°
  • Актау
    +13°
  • Орал
    +7°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +2°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +10°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    -2°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    +7°
  • Шымкент
    +7°
$
488.45
-3.25
529.19
-2.09
¥
68.59
-0.31
5.04
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка

Экологиялық қолайсыз аймақта тұратындарға өтемақы төленетіндігі өтірік

WhatsApp Мессенджерлерде таратылған хабарламада Шығыс Қазақстан облысынығ тұрғындарға ХҚО-да қолданылатын бір реттік жәрдемақы туралы ақпарат тарала бастады

Осыған байланысты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы, "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақшалай өтемақыларға тек Семей полигоны аумағында тұратын азаматтарға бір-ақ рет және бір уақытта төленетінін хабарлайды. Осылайша, бұрын осы өтемақы алған азаматтарға төлем жасалмайды.

Айта кету керек, оны тағайындау үшін азаматтарға мемлекеттік корпорацияға немесе тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне келесі құжаттармен жүгіну қажет:

1) жеке басын куәландыратын құжат;;

2) 20 таңбалы банк шоты туралы мәліметтер;

3) 1949 жылдан 1965 жылға дейінгі, 1966 жылдан 1990 жылға дейінгі кезеңдерде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттар (мұрағат анықтамалары, халық депутаттары селолық, кенттік (ауылдық) кеңестерінің, тұрғын үй-пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің, пәтер иелері кооперативтерінің анықтамалары; еңбек кітапшасы; оқу орнын бітіргені туралы диплом; әскери билет; туу туралы куәлік; орта білім туралы аттестат; "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бұрын берілген куәлік.

Егер жоғарыда көрсетілген құжаттар сақталмаған болса, онда ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақта тұрудың заңды фактісі мен кезеңін белгілеу туралы сот шешімі ұсынылады.


Следующая →